Жарияланған күні:
Кеше «AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «AMANAT» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті. Кеңесте «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту стратегиясы мен алдағы инновациялар талқыланды. Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Д.Щеглова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Сарбасов, Қаржы министрлігінің Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры М.Ақтанжанов, Сыртқы істер министрлігі Адам ресурстары департаменті директорының орынбасары Ә.Байсынов, Білім Министрлігі Орта білім Комитетінің мониторинг және талдау басқармасының басшысы Г.Таласбаева, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ә.Оспанова, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, кеңес мүшелері, жастар ұйымдарының өкілдері, журналистер және т. б.
Отырысты аша отырып, кеңес төрағасы, депутат Нартай Сәрсенғалиев «Болашақ» стипендиясын дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған жаңа стратегиясын ескере отырып, бірқатар өзгерістер болатынын атап өтті. Инновациялар стипендияның тиімділігін және құжаттарды қабылдау мен конкурстық іріктеудің ашықтығын арттыруға бағытталатын болады.
ҚР Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Динара Щеглова Стратегияның жаңа тармақтары бойынша бірқатар түсініктемелер берді. Салалық және өңірлік сұраныстарды, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стратегиялар мен даму жоспарларын ескере отырып, басым мамандықтар тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс аяқталды, тізім бекітілуде. Сондай-ақ, ұйымдар мен кәсіпорындардың сұраныстары бойынша топтық тағылымдамаларды енгізу, постдокторантураны іске қосу, ауылдық квоталарды ұлғайту мүмкіндігі қарастырылуда, стипендиядан айырылған тұлғалардан қаражатты қайтару бойынша жүйелі жұмыс құрылды, ай сайын мемлекеттік бюджетке шамамен 160 млн теңге қайтарылады.
«Халықаралық бағдарламалар орталығының» Басқарма төрағасы Әлия Оспанова орталықтың атқарылып жатқан жұмыстары туралы хабарлады. Құжаттарды қабылдау жыл бойы жүргізіледі және сәуір айының соңында басталады, автоматтандыру контекстінде конкурстық іріктеу процесі қайта қаралады, жергілікті атқарушы органдармен ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша өтінімді қалыптастыру және өңірлердің проблемаларын тиімді шешу және кейіннен жұмысқа орналастыру үшін білім алушы стипендиаттардың кураторлығын ұйымдастыру мәселесі пысықталады. Стипендиаттардан түскен сұраныстарды ескере отырып, жауапты мемлекеттік органдармен бірге 2012 жылдан бері өзгермеген стипендия мөлшері мен шығыстар нормаларын қайта қарау талқыланады.
«Қысқа мерзім ішінде біз тағылымдамадан өту шарттарын жасасу процесін цифрландырдық. 1-16 ақпан аралығында TrustMe платформасында 346 онлайн келісім-шарт жасалды, бұл стипендиаттар жұмсайтын ресурстарды айтарлықтай қысқартты. «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалар бойынша құжаттарды қабылдауды автоматтандыру, СІМ және елшіліктермен бірлесіп кепілдік хаттарды цифрландыру, үміткерлермен және стипендиаттармен өзара іс-қимыл жасау үшін онлайн - платформа мен мобильді қосымша әзірлеу жоспарлануда», - деп атап өтті Ә.Оспанова.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов еңбек нарығының қажеттіліктері бойынша болжам жасап, оралған стипендиаттарды жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстарды айтты.
Талқылауға «Болашақ» бағдарламасының сарапшы – түлектері қатысты. Журналист Азамат Әбілқайыр және медиаменеджер Қанат Әуесбай тәжірибе алмасу үшін білім алған стипендиаттардың зерттеуі мен диссертацияларының цифрлық базасын әзірлеуді және оларды ашық қолжетімділікке орналастыруды ұсынды. ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының оториноларинголог-дәрігері Медет Маханбет медициналық мамандықтар бойынша оқыған стипендиаттар отанына оралғаннан кейін бірден тәжірибе беру үшін топтық дәрістер мен тренингтер өткізу керектігін атап өтті. Сонымен, дәрігердің өзі 20-дан астам әріптесін оқытты.
Кездесу соңында қатысушылар «Болашақ» стипендиясын одан әрі енгізуді талқылау үшін брейнсторминг өткізуге келісті.