Басты бет > BOLASHAQNEWS > БІЛІМ БЕРУ КӨШІ-ҚОНЫ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТТЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ

Жарияланған күні:

БІЛІМ БЕРУ КӨШІ-ҚОНЫ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТТЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ

Бүгін «Шетелдегі қазақстандықтардың білім беру көші-қоны және зияткерлік әлеуетін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Отырысқа түрлі сала мамандары және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары мен докторанттары қатысты.

Дөңгелек үстел аясында білім беру көші-қоны саласындағы процестерді мемлекеттік басқарудың қолданыстағы жүйесін жетілдірудің басым бағыттары талқыланды.

Сондай-ақ алдағы уақытта Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындары түлектерінің зияткерлік әлеуетін қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланып жатқаны туралы сөз қозғалды.