Жарияланған күні:

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЛАТВИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСУІ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Латвия Республикасының Елшісі Ирина Мангулемен (Irina Mangule) және екінші хатшы, консул Марис Пучкамен (Maris Pucka) кездесті.

Кездесуде Латвияның жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен халықаралық ынтымақтастыққа қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Бүгінгі таңда Латвиядағы «ғылыми тағылымдама» бағдарламасы бойынша стипендиаттар «Transport and Telecommunication Institute», «Eka University of Applied Sciences», «Turība University», университеттерінде «Педагогика», «Құқық» және «Көлік, көлік техникасы және технологиялар. Логистика» сияқты мамандықтарда білім алуда.