Жарияланған күні:
ХБО басқарма төрағасы Олжас Сәкенов шикізатты зерттеу және өңдеу бойынша семинарда сөз сөйледі. Алғаш рет өткізіліп отырған семинардың мақсаты - металдарды барлау және өндіру саласындағы өзекті сын-қатерлер мен мүмкіндіктерге бағытталған. Воркшоп «Ғылым қоры» АҚ, Назарбаев Университеті және SDSN Kazakhstan ұйымдастыруымен өтті. Шараға «ҚазАтомӨнеркәсіп», «Тау-Кен Самұрық», «ЖезқазғанРедмет» АҚ өкілдері, сондай-ақ академиялық және дипломатиялық құрылымдардың өкілдері қатысты.
Ой-талқы форматында өткен воркшоп барысында өнеркәсіп секторының сарапшылары, сондай-ақ компаниялардың өкілдері сирек металдарды әзірлеу және өндіру, жасыл энергетикаға көшу секілді маңызды тақырыптар бойынша жобаларын таныстырды.
«Мен өз тарапымнан тәжірибесі мен уақытын білімді ілгерілетуге арнаған ғалымдарымыздың керемет жетістіктерін атап өткім келеді. Біздің ғалымдардың көп бөлігі білім беру, инженерлік ғылымдар, әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары саласында зерттеулер жүргізеді. Олардың көпшілігі өз зерттеулерін бүкіл әлем бойынша, соның ішінде Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және Еуропа елдерінде танымал білім беру және зерттеу орталықтарында жүргізді", - деді Басқарма төрағасы.
Естеріңізге сала кетейік, 13 қазанға дейін шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге (500 ғалым) өтінім қабылдау жалғасады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да мына мекенжайда:
Астана қаласы, Сығанақ к-сі, 70-үй «Сығанақ» бизнес орталығы, 5-қабат, 508-кабинетте қолма қол (қағаз жүзінде, сондай-ақ электронды тасымалдағыштағы сканерленген нұсқасы) қабылданады.