Өзекті жаңалықтар мен анонстар
26/10/2021
Success storyАқбота Батырхан – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Медиа саласында он жылдық тәжірибесі бар. Ақбота University of Surrey (Ұлыбритания) университетінде кино және медиакоммуникация (Film and Media studies) мамандығы бойынша бакалавриатты аяқтады. Қазіргі уақытта ҚР Президенті Телерадиокешенінде режиссер-документалист болып жұмыс істейді. «Президенттік пулда» 10 жылдан астам жұмыс істеп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдік ресми сапарларын таспаға түсіріп, үлкен кәсіби тәжірибеге ие болды. Ақбота Елбасының қызметін көрсететін 50-ден астам деректі ...
18/10/2021
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: БОС ЛАУАЗЫМ!Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасының бас менеджері
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасының бас менеджері лауазымына конкурс жариялайды.
Талаптармен мұқият танысуыңызды және біліміңіз бен жұмыс өтіліңіз сәйкес келген жағдайда, түйіндемеңізді cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына жолдауыңызды сұраймыз.
Түйіндемелер 2021 жылғы 27 қазанға дейін қарастырылады.
Білімге қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстарынан өткендігі туралы сертификаттардың б
18/10/2021
Польшаға үкіметаралық гранттар аясында оқуға түскен стипендиаттардың тізімі жарияландыҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасы Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық шеңберінде 2021-2022 оқу жылына Польша Жоғары оқу орындарына түскен спипендиаттардың тізімін бекітті (11 адам).
Егер сіз стипендия иегерлерінің тізімінде болсаңыз, онда Сіз 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде оқу шартын жасау үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға хабарласуыңыз қажет.
Шарт жасасу үшін әуелі сайтымыз арқылы онлайн кезекке тапсырыс беруіңіз қажет және өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып келуіңіз керек. Шарт жасасу бойынша толық кеңес алу үшін мына телефонд
15/10/2021
Халықаралық бағдарламалар орталығы мен BI University серіктестікті нығайтуда2021 жылғы 14 қазанда Халықаралық бағдарламалар орталығы мен BI University Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға қол қоюға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова және «Profi Time Astanа» ЖШС директоры Ольга Баспаева қатысты.
Меморандумға сәйкес, ынтымақтастықтың негізгі мақсаты - «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша бірлескен жоспарларды әзірлеу, өзара ақпарат алмасу, екі тараптың қызметкерлерін курстар мен семинарларға тарту. Жоғарыда айтылғандармен қатар меморандум шеңберінде бірлескен дөңгелек үстелдер,...
13/10/2021
Bolashaq TalksBolashaq Talks «Әлеуметтік кәсіпкерлік»
Facebook, ZOOM 15 қазан, жұма 16:00
Спикерлер:
12/10/2021
КӨШПЕЛІ "КАЗТЕСТ"Құрметті үміткерлер!
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына сәйкес конкурсқа құжаттарды тапсыру кезінде үміткерлер В1 (орта) деңгейінен кем емес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсынуы қажет.
Осыған байланысты, COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралу жағдайдын ескере отырып, «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК үшін көшпелі сертификаттық тестілеуді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өтінімдері бойынша Алматы қаласында мемлекеттік тілді білу деңгейін «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша бағалау өткізуді жоспарлап от
12/10/2021
Халықаралық бағдарламалар орталығына британиялық журналистер келді12/10/2021
Галле-Виттенберг университетінде стипендия алуға арналған конкурсМартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университетінде құқық саласындағы докторантурада оқу үшін стипендия алуға арналған конкурс
Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университеті (Martin-Luther-Universität Halle-Wittenberg — MLU) М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетімен бірлесіп, Фольксваген Қорының қолдауымен Dr. iur атағын алу үшін Құқық саласындағы докторантурада оқудың толық циклына стипендия алуға конкурс жариялайды.
Жобаның мақсаты М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде мына жұмыс үшін жоғары білікті маманды дербес келісімшарт талаптарымен даярлау.
Бағдарламаның ұзақтығы ...