Жарияланған күні:

Үміткерлер үшін ақпарат

«Болашақ» бағдарламасының үішнші легінде екі бағыт бойынша құжат қабылданбайды

2022 жылы «Болашақ» бағдарламасымен «Білім» және «Әлеуметтік ғылымдар» бағыттары бойынша магистратурада оқуға 132 стипендия бөлінді. Аталған мамандықтарға бөлінген стипендиялардың барлығы биылғы жылғы бірінші және екінші легінде тағайындалды.

Осыған орай «Білім» және «Әлеуметтік ғылымдар» бағыттары бойынша үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына түсуге құжаттар қабылдау үшінші легінде өткізілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар бойынша үміткерлерді конкурстық іріктеу барысында тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережелерінде стипендиялардың санын мамандықтар бойынша үлестіру көзделген.