Жарияланған күні:

ХБО Қытайдың ЖОО-лары түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі дөңгелек үстелге қатысты

ХБО Қытайдың ЖОО-лары түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шараға Қытай университеттерінің 130 түлегі, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасымен білім алған түлектер де қатысты. Айта кетейік, халықаралық бағдарлама тізімне Қытай Халық Республикасының 15 үздік жоғары оқу орны кіреді.

Кездесу аясында 27-ден астам жетекші Қытай компанияларының қатысуымен бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті. ҚХР кәсіпкерлері «Болашақ» түлектеріне жұмыс беруші ретінде қызығушылық танытты.

Халықаралық бағдарламалар орталығының Түлектермен жұмыс жүргізу басқармасының жетекшісі Анар Көпееваның айтуынша, қазіргі таңда «Болашақ» түлектерін жұмысқа орналастыру үшін Орталық 280-ден астам жұмыс берушілермен өзара әрекет жасайды.

imgonline-com-ua-CompressBySize-SshkgWDd1jCX4m.jpg

imgonline-com-ua-CompressBySize-GuijFkCwpCpx.jpg