Жарияланған күні:

Өзбекстан Республикасының «Жібек жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университеті қазақстандықтарға арналған гранттар ұсынады

Өзбекстан Республикасының «Жібек жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университеті қазақстандықтарға арналған магистратура бағдарламасы бойынша 4 білім грантын ұсынады.

Өзбекстан Республикасының Самарқанд облысындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында «Жібек жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университеті Қазақстан азаматтарына 2022-2023 оқу жылына арналған білім гранттарын келесі бағдарламалар бойынша ұсынады:

  • магистратура бағдарламасы бойынша – 4 орын.

Оқыту тілі – ағылшын тілі.

Мамандықтар:

  • Туризмдегі логистика;
  • Туризм (қызмет саласы бойынша);
  • Музейлік ғылым;
  • Мәдени мұраны басқару;
  • Шығармашылық индустрия;
  • Археология.

Грант келесі шығындарды өтейді:

  • тегін білім беру;
  • $500 ай сайынғы стипендия;
  • $100 ай сайынғы жатақхана төлемі;
  • Өзбекстанға келу үшін жыл сайынғы бір реттік эконом-кластағы әуе билеттері;
  • Өзбекстанның ежелгі тарихи қалаларына саяхат (100 АҚШ долларына тең сома/жылына 2 сапар).

Назар аударыңыз!!! Қалған шығындарды грант иегері өз қаражатынан өтейді.

Құжаттар 2022 жылғы 2 қыркүйекке дейін қабылданады.

ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:

  1. Жеке басты куәландыратын құжат (төлқұжат/жеке куәлік);
  2. Бакалавр дәрежесі;
  3. Фотосурет 3х4;
  4. Үміткердің түйіндемесі (әрі қарай хабарласу үшін үміткердің байланыстары мен электрондық поштасы);
  5. Тіл білімі туралы сертификат (IELTS – 5,5, CEFR – B2, TOEFL iBM – 72 балл);
  6. Эссе (мектепті бітіргеннен кейінгі жоспарлар, «ШЫҰ елдерінің туризмін дамытуға қосқан үлесі» тақырыбында, көлемі 1-1,5 бет).

Ескерту: Үміткерлер жоғарыда аталған құжаттардың электронды көшірмелерін қабылдау комиссиясының http://admissions.univ-si1kroad.uz сайтына жіберуі қажет.

Назар аударыңыз! Құжаттар тапсыру бойынша толық ақпаратпен төмендегі жаднама арқылы таныса аласыз.

Университеттің әлеуметтік желілердегі веб-сайты мен ресми парақшалары:

Веб-сайт: https://univ-silkroad.uz/ru
Telegram арнасы: https://t.me/univ_silkroad_uz
Facebook: https://www.facebook.com/univsilkroad.uz
Instagram: https://www.instagram.com/univ_silkroad_uz
Twitter: https://twitter.com/univsilkroad

Қосымша ақпарат және байланыстар:

Қосымша ақпарат пен сұрақтар бойынша Өзбекстан Республикасы Туризм және мәдени мұра министрлігі Туризм және мәдени мұра саласындағы білім және ғылымды дамыту департаментінің маманы Н.Хакимоваға хабарласуларыңызды сұраймыз.

ұялы телефон: (+99897) 480-77-76, (+99891) 599-01-22,
e-mail: info@motach.uz.

Жадынама