Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

27/06/2024

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен 184 қазақстандық халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды.

Бірінші тағайындау нәтижесі бойынша 138 адам магистратура, 13 адам докторантура бағдарламалары бойынша білім алатын болады, 33 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Іріктеу кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға баса назар аударылды. Оқыту 62 мамандық бойынша жүргізіледі.

Биылғы жылы басым мамандықтардың тізімі мемлекеттік органдардың қажетті мамандықтар бойынша кадрлар дая

Толық оқу
бөлісу

25/06/2024

МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ ЕРЛАН ҚАРИН ШЕТЕЛДЕ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Республикалық комиссияның шешімімен 184 отандасымызға «Болашақ» стипендиясы тағайындалды. Олар магистратура және докторантура бағыттары бойынша әлемнің үздік университеттерінде білім алады.

Сонымен қатар комиссия отырысында отандық ғалымдардың жетекші шетелдік ғылыми орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өту мәселесі қаралды. Мемлекеттік кеңесші Президенттің аталған бастамасы Қазақстан ғылымының дамуын ынталандыруға бағытталғанын атап өтті....

Толық оқу
бөлісу

25/06/2024

ҚЫТАЙДЫҢ ШЫҢЖАҢ-ҰЙҒЫР АВТОНОМИЯЛЫҚ АУДАНЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА 50 ОҚУ ГРАНТЫН ҰСЫНДЫ. ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АЯҚТАЛДЫ.

2024 жылы Қытайдың Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданының Үкіметі Қазақстан азаматтары үшін арнайы білім (колледж), бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 50 стипендиялық орын ұсынды.

Ағымдағы жылдың 30 мамыры мен 19 маусымы аралығында конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қабылдау жалғасты.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін үміткерлер тізімі қабылдаушы тарапына жіберілді.

Стипендияны тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы түпкілікті шешімді Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Үкіметі қабылдайды!

Толық оқу
бөлісу

21/06/2024

STIPENDIUM HUNGARICUM ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

2024-2025 академиялық жылға арналған үкіметаралық гранттар шеңберінде Венгрияның жетекші жоғары оқу орындарында оқуға арналған Қазақстандықтардың түпкілікті тізімі жарияланды.

Тең баллмен жетім балаларға, бала кезінен мүгедектерге және мүгедек балаларға, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, ауылдық елді мекендерден келген үміткерлерге артықшылық берілді.

Білім беру гранттарын беру туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдады.

Грант оқу ақысын, стипендияны, жатақханада тұруды немесе жалға берілетін тұрғын үйге ақы төлеуді, сондай-ақ медициналық сақтандыруды қамтиды. Қосымша шығында

Толық оқу
бөлісу

20/06/2024

БОЛАШАҚ: В.ГАВРИЛЕНКОМЕН МӘСЕЛЕ ШЕШІЛДІ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРАЖАТ БЮДЖЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

В. Гавриленко кепілгерлерден кешірім сұрап, оқу ақысы бойынша қарызын өз еркімен төлеуге міндеттенді.

Бұрынғы стипендиат В.Гавриленко және кепілгерлер М.Дарибаева мен Н.Воробьевамен резонанстық жағдай заң аясында шешілді. Медиация қорытындысы бойынша В.Гавриленко оқу берешегінің толық сомасын өз еркімен өтеуге міндеттенді.

Шартты қамтамасыз ету үшін берілген кепіл мүлкі шығындардың қажетті сомасын жабады, сондықтан кепілгерлер мен Орталық арасында келісімшарт бұзылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қаңтарында Орталық анықталған бұзушылықтардың материалдарын құқық қорғау органдарына жолд

Толық оқу
бөлісу

14/06/2024

ҚИЫНДЫҚҚА БЕРІЛМЕЙТІН ДӘРІГЕР: МАРАТ САРШАЕВТЫҢ ТАРИХЫ

Президент істері басқармасы Ұлттық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, бірінші санатты дәрігер, «Болашақ» бағадарламасының түлегі Марат Саршаев – еліміздің жетекші дәрігерлерінің бірі. Ол қазірдің өзінде үш мыңнан астам күрделі операция жасады.

“Екі жыл жоғары білікті мамандарда оқыдым. Сонымен қатар, негізі мен бағдарлама туралы радиодан естіп, құжаттарды жинап тапсырдым және Мәскеуге бардым. Содан кейін Түркияда, Францияда, Оңтүстік Кореяда, Араб Әмірліктерінде, Бразилияда біліктілігін арттырдым”, - дейді дәрігер.

Әлеуметтік желіде 4 наурызда Алматыда жер сілкінген кезде ...

Толық оқу
бөлісу

12/06/2024

МӘЖІЛІСТЕ «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Болат Керімбек премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдап, «Болашақ» бағдарламасының болашағы туралы мәселе көтерді.

Депутат Болат Керімбектің ойынша, бір-екі адамның жағымсыз әрекеттерінен мыңдаған адамға жол ашқан бірегей мемлекеттік бағдарламаны жабу деген дұрыс емес.

«Осы күнге дейін Болашақ бағдарламасы бойынша он екі мыңнан астам маман даярланды. Олар рейтингі жоғары оқу орындарының ғылыми дәрежесін алды. Әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми және өндірістік тағылымдамалардан өтті. Бағдарлама аясында ...

Толық оқу
бөлісу

11/06/2024

АДАТ ӘДІЛХАН: «БОЛАШАҚ» ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰРЫЛЫС ИННОВАЦИЯЛАРЫНА ҚАЛАЙ ЖОЛ АШТЫ

Адат Әділхан 2018 жылы Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша «құрылыс менеджменті» мамандығы бойынша оқыды. Қазақстанға оралғаннан кейін Адат ModeX алғашқы заманауи модульдік зауытының құрылысына қатысты, соның арқасында 3 апта ішінде инфекциялық аурухана салынды. Ол өзінің ең үлкен арманы – еліміздің маңызды инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруға үлес қосу екенін мойындайды.

«Лондон мені өзінің керемет ғимараттарымен таң қалдырды. Әр ел өзінің ерекше сәулетімен есте қалады.

Мен үшін архитектуралық ерекшеліктерден гөрі ғимараттардың адамдарға қанша уақыт және қалай қызмет ететіндіг

Толық оқу
бөлісу