Жарияланған күні:
Әзірбайжанның жоғары оқу орындары үкіметаралық гранттар аясында қазақстандықтарға бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқуға 10 білім беру грантын ұсынды.
«Қазақстандықтарға Әзірбайжанның 25 жетекші жоғары оқу орны ұсынылады. Оқу әзірбайжан, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Тілді тиісті деңгейде меңгермеген үміткерлер тегін тілдік дайындықтан өте алады. Қазақстандықтарға үкіметаралық гранттар шеңберінде бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша Еуропа мен Азияның 10 елінде тегін оқуға 500-ге жуық грант жыл сайын бөлініп отырады. Бірқатар ел тілді меңгермеген үміткерлерге тегін тілдік дайындықтан өту мүмкіндігін береді», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.
Әзірбайжанның жоғары оқу орындарында тегін оқуға арналған конкурсқа қатысуға құжат қабылдау 2023 жылғы 9 маусымға дейін жалғасады. Өтінімдер eGov порталы арқылы, сондай-ақ Халықаралық бағдарламалар орталығының кеңсесінде қағаз түрінде қабылданады.
Грант тілдік курстардан өту, академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді.
Грант тағайындау конкурсына қатысуға негізгі критерийлер: