Жарияланған күні:

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫ МЕН «AIRASIA X» ӘУЕКОМПАНИЯСЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ә. Оспанованың «AirAsia X» бас директоры Беньямин Исмаилмен кездесуі өтті.

Тараптар ХБО мен «AirAsia X» арасында стратегиялық ынтымақтастықты орнатуды талқылады. Болашақ бағдарламасының иегерлері мен түлектері үшін арнайы шарттар іске қосылуда.

Айта кету керек, «AirAsia X» - әлемдегі ең ірі арзан тасымалдаушы. Бүгіннен бастап авиакомпания «Куала-Лумпур – Алматы және Алматы – Куала-Лумпур» бағыты бойынша аптасына төрт рет жиілікпен рейстерді іске қосты. Бұл қазақстандықтарға Куала-Лумпур арқылы бүкіл өңір бойынша 130 бағыт бойынша ұшуға мүмкіндік береді.

фото.jpg