Жарияланған күні:

«EL-YURT UMIDI» ФОНДЫМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» Басқарма төрағасы Әлия Оспанованың Өзбекстанның «El-Yurt Umidi» мемлекеттік қорымен онлайн-кездесуі өтті. Кездесу «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 30 жыл ішінде алғаш рет өткізілді.

Кездесуге «El-Yurt Umidi» қорының атқарушы директоры Адхам Бекмуродов, директордың шетелде мамандар даярлау және отандастармен диалог жөніндегі орынбасары Жавохир Ахмедов, «ХБО» Басқарма төрағасы Әлия Оспанова, сондай-ақ Қор мен «ХБО» бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Онлайн-кездесу барысында атқарушы директор А. Бекмуродов қазақстандық әріптестерін «El-Yurt Umidi» қорының қызметімен таныстырды. Шетелде оқитын ғалымдар мен бағдарламалардың шеңберінде оқудан оралған ғалымдар саны, сондай-ақ олардың еңбек қызметі мен міндеттері туралы ақпарат ұсынылды. ХБО және Қор өкілдері шетелде кадрлар даярлау, стипендиялық бағдарламалар және оларды іске асыру тетігі бойынша тәжірибе алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты кеңейту және тәжірибе алмасу туралы Меморандумға қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«El-Yurt Umidi» — шетелде тұратын және жұмыс істейтін ғалымдармен, мамандармен және талантты жастармен олардың біліктілігін арттыру және оқыту арқылы тығыз ынтымақтастық орнату үшін құрылған Өзбекстан Республикасындағы мемлекеттік қор. Қордың негізгі бағыттары – білікті мамандарды даярлау, Өзбекстанның Шетелдегі оң имиджін қалыптастыру мен қолдауда отандастардың әлеуетін белсенді пайдалану және халықаралық ұйымдармен байланыс орнату.

каз.jpg

фото.jpg