Жарияланған күні:
Дүниежүзілік туризм күні қарсаңында «Қазақстандағы тұрақты туризм» тақырыбында маңызды Fishbowl пікірталасы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары – ҚР Президенттік орталығы, Еуразиялық туризм қауымдастығы және Астана қаласының қалалық туризмді дамыту орталығы «Атамекен» ҰКП қолдауымен. Қатысушылар Қазақстанның туризмін тартымды және тұрақты етуге қатысты негізгі мәселелер мен перспективаларды талқылады.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әлия Оспанова былай атап өтті:
«Қазақстан туризмінің әлеуеті зор. Біздің табиғатымыздың байлығы, мәдени мұраларымыз және алуан-түрлі ландшафттарымыз елімізді әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартатын орталыққа айналдыруы мүмкін. Дегенмен, саланың табысты дамуының басты факторы – жоғары білікті мамандарды даярлау. «Болашақ» бағдарламасының арқасында қазақстандықтар әлемнің ең үздік университеттерінде білім алып, елге оралып, Қазақстанның жаһандық туристік аренадағы позицияларын нығайтуға көмектесетін бірегей білім мен тәжірибе жинақтай алады».
Сондай-ақ, туризм саласындағы ғылыми зерттеулердің маңыздылығы атап өтілді. Тұрақты туризм жай ғана тренд емес, бұл саланы әрі қарай дамыту үшін міндетті шарт екені айтылды. Тұрақты туризм – UNWTO (Дүниежүзілік туристік ұйым) күн тәртібіндегі басты мәселе, сондықтан Қазақстан өз ғылыми зерттеулерін дамытуы қажет, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болып, озық тәжірибелерді тиімді енгізуі керек.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің үздік университеттерінде 190 қазақстандық білім алды, және тағы 3 стипендиат білім алуды жалғастыруда. Бұл мамандар тек саладағы кәсіби стандарттарды арттырып қана қоймай, Қазақстанды халықаралық туризм үшін тартымды ететін инновациялық шешімдер енгізуде.
«Болашақ» бағдарламасы туристік индустрия үшін маңызды бағыттар бойынша тағылымдамалардан өтуге бірегей мүмкіндіктер ұсынады:
Қонақ үй бизнесі
Ғылым саласында дамуды қалайтындарға әлемнің беделді университеттерінде ғылыми тағылымдамалар қолжетімді.
Осындай тағылымдамалар арқасында қазақстандық мамандар басқару, маркетинг және тұрақты даму саласындағы озық әдістерді меңгеріп, отанына оралып, туризм секторын жаһандық деңгейде дамытуға көмектесе алады.
Естеріңізге саламыз, «Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау және ғылыми тағылымдамалар 25 қазанға дейін жалғасады. Қазақстандағы туризмнің трансформациясының бір бөлшегі болуға мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!