Жарияланған күні:

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН ҚЫТАЙДЫҢ ҮЗДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТУ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдер шеңберінде қазақстандықтар ҚХР жетекші университеттерде жоғары білім ала алады.

Қытай – әлем бойынша шетелдегі ең танымал оқу бағыттарының бірі. Шын мәнінде, Қытай — халықаралық студенттер саны ең көп (АҚШ пен Ұлыбританиядан кейінгі) орналасқан үшінші ел.

Қытай үкіметі бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша 155 оқу грантын ұсынады.

Грант мына шығындарды жабуды көздейді:

  • тегін оқыту;
  • ай сайынғы стипендия: бакалавриат – 2500 юань (161 мың теңге), магистратура-3000 юань (193 мың теңге), докторантура - 3500 юань (225 мың теңге);
  • жатақханада тұру;
  • медициналық сақтандыру.

Қалған шығындарды грант иегері өз бетінше өтейді.

Қытайдың үздік жоғары оқу орындарының тізіміне Zhejiang University, University of Science and technology of China, Fudan University, Peking University, Tsinghua University және басқа да көптеген жоғары оқу орындары кіреді. Аталған жоғары оқу орындары QS World University Rankings, Times Higher Education халықаралық рейтингтерінде көшбасшы орындарға ие. Сәулет, азаматтық инженерия, ақпараттық технологиялар, медицина, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардан бастап барлық бағыттар бойынша білім алуға болады.

Қытайға 2024 жылғы 20 ақпанға дейін (қоса алғанда) «Электрондық Үкімет» порталы арқылы жүргізіледі (Egov.kz немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» офисінде офлайн (Астана қ., Сығанақ 70). Қытайға конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлер 2024 жылғы 20 ақпанға дейін Қытай стипендиялық кеңесінің сайтында онлайн-тіркеуден өтуі тиіс.

Толық ақпаратты және құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулықпен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында танысуға болады. bolashak.gov.kz.

фото.jpg