Жарияланған күні:

ТҮРКИЯ ЕЛІНЕ БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ

Түркия Мемлекетінің «Түркия стипендия» бағдарламасы шеңберінде қазақстандық жастарға бакалавр мен магистратура бойынша оқуға ниетті үміткерлер мен зерттеушілер үшін түрік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігі ұсынылады.

Түрік тарапының хабарлауынша, аталған бағдарлама аясында 2024-2025 оқу жылдарына бакалавриат пен магистратура бойынша оқу үшін өтініштер ү.ж. 10 қаңтар мен 20 ақпан аралығында қабылданады.

«Түркия стипендиялары» бағдарламасы туралы толық ақпаратты www.turkiyeburslari.gov.tr ресми сайтынан алуға болады.

Білім алуға қатысты презентациялық материалдарды www.turkiyeburslari.gov.tr/about/mediaandpresentation/ сілтемесі арқылы алуға болады.

фото.jpg