Жарияланған күні:

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ТӘЖІКСТАН ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Тәжікстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездесті. Кездесу танысу форматында өтті.

Кездесу барысында Тәжікстан тарапынан ұсынылған үкіметаралық гранттар конкурсы жайлы да сөз қозғалды.

Жалпы аталмыш грант тегін оқытуды және ай сайынғы стипендияны қарастырады. Өз тарапынан ХБО үміткерлердің іріктеуін өткізіп Тәжікстанға жібереді және түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды. Бүгінгі таңда үкіметаралық грантқа қатысуға 14 адам өтінім берді.

Сондай-ақ, Елші Тәжікстандағы қазақстандық білім беру күндері атты білім көрмесін өткізуді қолдайтынын жеткізді.