Жарияланған күні:

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ СИДНЕЙ УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

29 қыркүйекте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен University of Sydney ЖОО-мен меморандум жасалды. Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы маңызды бастамаларды және ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Меморандум аясында Сидней университеті төмендегі жеңілдіктерді ұсынады:

  1. «Болашақ» стипендиясы шеңберінде Инженерлік мамандықтар бойынша докторантурада оқуға 10 грант;

  2. ЖОО-ға түсуге өтініш бергені үшін төлемақыдан босату;

  3. Магистратура бағдарламасы бойынша оқуға 20 пайыздық жеңілдік;

  4. Сидней университетінде оқу бағдарламалары мен мамандықтар туралы вебинарлар өткізу.

Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасы аясында Сидней университетінің 39 түлегі бар. Бүгінгі таңда магистратура, докторантура және ғылыми тағылымдама бағдарламалары бойынша 3 стипендиат оқиды.

Кездесу соңында серіктестер бірлесе атқаратын іс-шараларды талқылап, сапалы жұмыс жүргізуге дайын екенін жеткізді.