Жарияланған күні:
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Болат Керімбек премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдап, «Болашақ» бағдарламасының болашағы туралы мәселе көтерді.
Депутат Болат Керімбектің ойынша, бір-екі адамның жағымсыз әрекеттерінен мыңдаған адамға жол ашқан бірегей мемлекеттік бағдарламаны жабу деген дұрыс емес.
«Осы күнге дейін Болашақ бағдарламасы бойынша он екі мыңнан астам маман даярланды. Олар рейтингі жоғары оқу орындарының ғылыми дәрежесін алды. Әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми және өндірістік тағылымдамалардан өтті. Бағдарлама аясында ауыл жастарына, мемлекеттік қызметшілерге, ғылыми және педагогикалық қызметкерлерге әлемнің ең мықты университеттерінде білім алуға зор мүмкіндік берілді», - дейді депутат.
Депутат «Болашақ» түлектері республиканың экономикасына аса қажетті мамандар екенін жеткізді.
«Бүгінде болашақ түлектері Президент аппаратынан бастап барлық маңызды мекемелер мен ұлттық компанияларда қызмет етіп жүр. Мәселен, Болашақ бағдарламасының түлектері, мәселен, хирург Мыңжылқы Бердіқожаев ми тамырларына жоғарғы технологиялық ота жасайтын санаулы дәрігерлердің бірі. Ол осы уақытқа дейін алты мыңнан астам ота жасады. Сонымен қатар, Медет Махамбет жетпістен аса бірегей операцияның жаңа әдіспен құлаққалқанын қалпына келтірген болатын. Бұл бұл бір ғана медицина саласындағы оң тәжірибе. Басқа салаларда мұндай жетістікке жеткен білікті, жоғары мамандар жетерлік», - деді Болат Керімбек.
Қорыта келе, депутаттар Үкіметтен келесі шараларды қолға алуды ұсынды:
Депутаттық сауалды мәжіліс депутаттары М. Башимов, К. Авершин, С. Нұртаза, М. Рожин, Т. Адамбеков, Н. Тау қолдады.