Жарияланған күні:

QAZAQ RESMI TEST «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫ ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ

«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерге маңызды ақпарат:

Енді қазақ тілін білу деңгейін растау үшін QAZAQ RESMI TEST (QRT) сертификатын ұсына аласыз. Бұл тест Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында әзірленген және QAZAQ RESMI TEST онлайн тестілеу жүйесінде қолжетімді.

“Болашақ” халықаралық стипендиясына құжаттарды тапсыру үшін B1 және одан жоғары деңгейі расталған QAZAQ RESMI TEST (немесе ҚАЗТЕСТ) сертификаты қажет.

Естеріңізге салайық, бұрын тек ҚАЗТЕСТ сертификаты ғана қабылданатын, оны Астанада немесе басқа қалаларда белгілі бір күндері ғана алуға мүмкіндік болатын.

Енді QRT арқылы сіз онлайн тестілеуден өту мүмкіндігіне ие боласыз, бұл әсіресе өңірлер мен ауылдық жерлерден келген талапкерлер үшін маңызды және қолжетімді.

QRT төрт тілдік дағдыларды өлшейді: тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу. Тест нәтижелері екі күн ішінде интернет-порталдағы жеке кабинетіңізге келеді.

ҚАЗТЕСТ және QAZAQ RESMI TEST сертификаттары барлық үміткерлер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, «Болашақ» және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалар бағдарламалары үшін қабылданады.

Толығырақ сайтта

каз.png