Жарияланған күні:
Ол 2022 жылы Ұлыбританиядағы Линкольн университетінде «Білім менеджменті. Көшбасшылық және жоғары білімді стратегиялық басқару. Университет басқару» бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама барысында Алмагүл Жексенқызы кәсіби көзқарасын кеңейтіп, стратегиялық басқару, көшбасшылық және жүйелік ойлау саласындағы жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алды.
Елге оралғаннан кейін ол Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде халықаралық әріптестік бағыты бойынша жұмысын жалғастырып, соңғы үш жыл ішінде шетелдік серіктес университеттермен ғылыми-зерттеу және академиялық бағыттағы ынтымақтастықты күшейтті. Нақтырақ айтқанда, студенттер мен профессор-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығын арттыруға атсалысып, бірқатар бірлескен халықаралық жобаларды табысты жүзеге асырды.
Оның қатысуымен іске асқан маңызды бастамалардың бірі – Рединг университеті жанындағы Хенли бизнес мектебімен бірлескен «Empowering Female Entrepreneurship in Kazakhstan» жобасы. Жоба қазақстандық әйелдердің кәсіпкерлік әлеуетін зерттеуге және олардың кәсіби дамуын қолдауға бағытталған.
Сонымен қатар, ол Қытайлық Huatec компаниясымен бірлескен Jingshi Institute жобасына жетекшілік етіп, университеттің халықаралық зерттеу және білім беру бастамаларының дамуына елеулі үлес қосты. Бұған қоса, Total Energy Summer School халықаралық мектебін ұйымдастырып, Қазақстандық студенттер мен жас мамандардың кәсіби дамуына мүмкіндік туғызды.
Алмагүл Жексенқызының айтуынша, «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы оған тек білім емес, елге қызмет ету миссиясын сыйлады. Бағдарлама оның кәсіби құзыретін арттырып қана қоймай, жаңа идеяларға ашық, алған тәжірибесін ел игілігіне бағыттауға дайын маман ретінде қалыптастырды.
«Бұл бағдарлама маған халықаралық тәжірибе, кең көзқарас және ең бастысы – елімнің дамуына өз үлесімді қосуға деген сенім сыйлады», - деп атап өтті түлек.