Жарияланған күні:

«ASTANA — BOLASHAQ»: ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯДА НЕ АЙТЫЛДЫ?

Жиын барысында спикерлер «Болашақ» стипендиаты атанғысы келетін жандарға мотивацияға толы оқиғаларын баяндап, құнды кеңесімен бөлісті. ХБО басшысы Олжас Сәкенов жыл сайын 1300-ге жуық отандасымыз «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып, тағылымдамадан өтетінін еске салды.

Сонымен қатар бағдарлама түлектерінің елге оралуының тиімділігін зерттеу назарда екенін айтып, қорытындысын тарқатты. Статистика бойынша бүгінде түлектердің ең көп пайызы жеке секторда жұмыс істейтін болса, 7%–ы халықаралық ұйымдарда мансап құрғаны айтылды. Пікірталас барысында білім беру саласындағы сарапшы, Astana Garden School жекеменшік мектебінің негізін қалаушы Нұрмұхаммед Досыбаев Астана қаласының мемлекеттік мектептерін трансформациялауды ұсынса, сарапшы-урбанист Ұлыбек Киманов қала әкімдігі мен тұрғындарына бір-біріне құлақ асып, мәселелерді бірлесе шешу жайлы орамды ой айтты.

Қорытынды блокта М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Басқарма төрағасының орынбасары Айнұр Кәрібозова Қазақстандағы орта білім сапасының төмендеуін сарапшылардың аздығымен байланыстырды. Спикердің айтуынша, «Болашақ» бағдарламасы арқылы психологтарды оқуға жиі жіберу мәселенің түйінін тарқатуға сеп.

1.jpg

2.jpg