Жарияланған күні:

«Болашақ» бағдарламасын дамыту перспективалары: сараптамалық қызмет қорытындысы

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен ғылыми тағылымдамалар бағдарламасын одан әрі дамыту мәселесіне арналған сараптамалық кездесулер (2024 жылғы 5 желтоқсан және 2025 жылғы 8 қаңтар) өткізді.

Кездесуде қатысушылар бағдарламаның талаптары мен мүмкіндіктерін талқылады, сондай-ақ оны одан әрі дамыту үшін нақты бастамалар ұсынды:

  • қазіргі стандарттарды одан әрі қайта қарай отырып, стипендияның оңтайлы деңгейін айқындау және арттыру;
  • кейіннен ағымдағы бағыттарды оңтайландыра отырып, еңбек нарығының қажеттіліктерін «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым бағыттармен және ғылыми тағылымдамалармен синхрондау;
  • ғылыми тағылымдалар бағдарламасын қайта жүктеу (КРІ әзірлеу, мамандарды нүктелі даярлау, құны бойынша шекті мәндері мен нормативтерді белгілеу және т.б.);
  • «Болашақ» бағдарламасының әлеуметтік-экономикалық әсерін анықтау;
  • «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының ғылыми зерттеулері мен диплом жұмыстарын Қазақстан экономикасының әртүрлі сектордағы маңызды проблемаларымен синхрондау;
  • нысаналы PhD, Split-PhD және Faculty Development Program (FDP) енгізу;
  • «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін конкурстық іріктеуде Тәуелсіз сараптамалық комиссияның жұмысын күшейту (ТСК мүшелері үшін тренингтер өткізу, төлем ақысын арттыру және т.б.);
  • оқу ақысының шарттарын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыру (оқуға жеңілдіктер, стипендияның оңтайлы деңгейі), сондай-ақ бюджеттен тыс көздер есебінен жаңа грант бағдарламаларын енгізу;
  • бизнес-процесстерді цифрландыру (құжат қабылдау, конкурстық іріктеу және басқа);

Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Никита Шаталов, «AERC» бас директоры Жаныбек Айгазин, экономист Руслан Султанов, «Ұлытау техникалық университеті» жобасының жетекшісі Максутбек Айтмаганбет, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің штаттан тыс кеңесшісі Рауан Сагидулла, ҚР ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Алибек Сайланбаев, «ҰАТ» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Шыгыс Оразалимов, экономист Олжас Жораев, Алматы энергетика және байланыс университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Айбек Жупанхан, экономист Жанат Мырзабеков, мемлекеттік басқару саласының сарапшысы Сабина Садиева, СЕО Desht Куаныш Жаиков, СЕО Naimi.kz Ерлан Есимсеитов, СЕО Outpeer Алиби Сансызбай сияқты экономика, еңбек нарығы және адами капиталды дамыту саласындағы жетекші қазақстандық сарапшылар қатысты және тағы басқалары.

Кездесулер ашық және сындарлы атмосферада өтіп, жоғары білікті мамандар даярлаудағы «Болашақ» бағдарламасының және ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының маңыздылығын және олардың экономика мен қоғамның дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Орталық «Болашақ» бағдарламасы мен ғылыми тағылымдамаларды одан әрі дамытудың нақты әрі бір бағытта мамандандырылған аспектілеріне назар қоя отырып, сындарлы пікірсайыстар/сұхбаттар өткізуді жалғастыруды жоспарлап отыр.

Біз жаңа бастамаларды талқылау және әзірлеу процесінде ашықтық пен транспаренттілік қағидаттарын ұстанамыз. Бизнес, ғылыми қоғамдастық, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуы біздің іс-шараларымыздың негізгі элементі болып қала береді, бұл барлық мүдделі тараптардың пікірлерін есепке алуға, жоғары дәрежеде қатысуға ықпал етеді және «Болашақ» бағдарламасы мен ғылыми тағылымдамалардың тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған теңдестірілген шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

5.jpg