Жарияланған күні:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2003 жылғы 3 маусымдағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қытай үкіметі 2025-2026 оқу жылына ҚХР мемлекеттік стипендиясы бойынша оқуға 35 грант және ШЫҰ шеңберінде 9 білім грантын келесі бағдарламалар бойынша ұсынады:
Ескертеміз!!! Оқуда жүрген үміткерлер мектептен (колледжден, жоғары оқу орнынан) бітірушінің мәртебесі туралы оқу бітірудің жоспарланған күнін көрсете отырып, оқу бөлімімен расталған, қытай немесе ағылшын тілдеріне аудармасы бар нотариалды куәландырылған анықтаманы ұсынады.
Грант мына шығынды өтейді:
Ескертеміз!!! Қалған шығынды грант иегері өзі төлейді.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер Қытай стипендиялық кеңесі сайтында онлайн тіркеуден өту тиіс http://campuschina.org/content/details3_74776.html
Құжат 2025 жылғы 9 қаңтардан бастап 7 ақпанды қоса алғанда «Электрондық үкімет» (Egov.kz) порталы арқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қолма қол қабылданады. Құжатты онлайн тапсыру бойынша нұсқаулықпен мына сілтемеде https://www.youtube.com/watch?v=63vBxsMIkYs таныса аласыз.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы құжат тапсыру үшін ЭЦҚ қажет, оны қашықтан алуға болады. ЭЦҚ алу жөніндегі нұсқаулықпен онлайн режимде (қашықтан) мына сілтеме бойынша таныса аласыз https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp. Егер электрондық қызметтерді алу кезінде қиындықтар туындаса, алдыңғы сілтеме бойынша виртуалды операторға жүгіне аласыз немесе 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына тегін қоңырау шалыңыз.
ЭЦҚ алғаннан кейін сізге Egov.kz арқылы құжат тапсыру қажет.
Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу келесі турлар арқылы жүзеге асырылады:
Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі өлшемшарттар:
Қағидалардың 17-тармағына сәйкес, халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде балл тең болған жағдайда төменде көрсетілген үміткерелер басымдыққа ие болады (келесі ретпен):
Іріктеу қорытындысы бойынша ұсынылған үміткерлердің тізімі қабылдаушы тарапқа жіберіледі.
Құжат тапсыру бойынша толық ақпаратпен жадынамадан танысуға болады.
21-тармақтың 4) тармақшасына сәйкес конкурс жеңімпазының шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайта оралуы және 1 (бір) жыл мерзіммен үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделген.
Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (7172) 76-90-76 ішкі нөмірлер: 110, 112, 113, 114, 115.
Ережемен мұқият танысуыңызды сұраймыз http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_
Құжаттапсыру бойынша нұсқаулық
ҚР азаматының сауалнамасы
Медициналық анықтама