Жарияланған күні:

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Дүниежүзілік банк «Болашақ» бағдарламасының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау тәсілдерін талқылады

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Құсманов Дүниежүзілік Банктің аға экономисі Метин Небилермен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау тәсілдері мен әдістемесі талқыланды.

Тараптар бағдарламадан болатын әсердің сандық және сапалық индикаторларын қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық бағалау моделін құру тәсілдерін қарастырды.

Тараптар бағдарламаның орта және ұзақ мерзімді әсерін талдауға жүйелі тәсілдің маңыздылығын және одан әрі ынтымақтастықта болуға дайын екенін атап өтті.

14.jpg

15.jpg