Жарияланған күні:
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының бастамасымен өткен кездесуде партия өкілдері бірқатар маңызды бағдарлама мен бастамаларды талқылады.
Талқыға түскен негізгі мәселенің бірі – «ауыл квотасы» бағдарламасы. Бағдарлама шеңберінде ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлерге «Болашақ» стипендиясы бойынша конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі. Бұл бастама ауылдың дамуына үлес қосумен қатар білім беру саласының қарыштап дамуына сеп.
Сондай-ақ, партия өкілдері ауыл жастарына қолдау көрсету мақсатында оларды шетелге оқуға жіберуге ниетті екенін және бұл бастама басты назарда екенін жеткізді. Өйткені шетелде біліктілік арттыру әрбір өңір жастарының шыңдалып, кәсіби дамуына жағдай жасайды.
«Болашақ» стипендиясы бойынша агроөнеркәсіптік кешенге арналған тағылымдама бағдарламасы да кездесуде ерекше атап өтілді. Осы санат шеңберінде аграршылардың конкурсқа қатысуға және грант иегері атанған жағдайда әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарында тағылымдамадан өтуіне мүмкіндігі бар. Бұл ауыл шаруашылығы саласының ілгерілеуіне ықпал етеді.
Бұл орайда тараптар бірлескен ынтымақтастыққа дайын екендігін айтып, жүйелі жұмыс жалғасатынын жеткізді.