Жарияланған күні:

Болашақ бағдарламасы аясында квоталық санаттарға арналған Тілдік курстар туралы бұйрық күшіне енді

Кеше «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталды. Биыл құжаттарды қабылдау 4 лекте өтті.

  • Бірінші – 9 қаңтар мен 27 қаңтар аралығында
  • Екінші – 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында
  • Үшінші – 5 маусым мен 7 шілде аралығында
  • Төртінші – 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында

Республикалық комиссия грант тағайындауды желтоқсан айында жүзеге асырады.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Биыл техникалық және медициналық қызметкерлердің және ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлерге жаңа жеңілдік санаттары бекітілді. Аталған өзгертулерден кейін квоталық санаттағы үміткерлер тек магистратура үшін тегін тілдік дайындықтан өте алады. Сонымен қатар, жеңілдігі бар үміткерлер құжат тапсырған кезде шетелдік ЖОО-ға өз бетімен түсуге міндетті емес.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 454 бұйрығы жарияланды. Бұйрық Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 454 Бұйрық инженерлік-техникалық, медицина қызметкерлерінің және ауылдық елді мекеннен шыққан стипендиаттар санаттары үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 986 қаулысын орындау аясында, яғни оларға 12 айға дейін Тілдік курстар оқуға (Қазақстан Республикасының аумағында 9 айдан аспайтын, шетелде 3 айдан аспайтын ағылшын тілін үйрену), сондай-ақ халықаралық «Болашақ» стипендиясының тиімді іске асыру үшін нақтылайтын түзетулер қабылданды.

Бұйрықпен төмендегі сілтемеден таныса аласыздар: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033390