Жарияланған күні:

Халықаралық бағдарламалар орталығы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

5 желтоқсанда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар «Болашаққа көпір – мансаптық мүмкіндіктер экожүйесі» жобасы бойынша, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы түлектерін жұмыспен қамтуды қолдау мәселелері жөнінде стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жиынға екі ұйымның басшылық өкілдері қатысты. ХБО тарапынан Басқарма төрағасы Әділ Құсманов, Басқарма төрағасының орынбасарлары Абай Рахмет пен Қайсар Еркінбаев, сондай-ақ профильдік басқармалардың басшылары мен мамандары болды. Сондай-ақ «Даму» қоры атынан Басқарма төрағасы Фархат Сәрсекeев, Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Бапаев және Астана қаласы бойынша өңірлік филиал директорының орынбасары Ақбота Нұрғалиева қатысты.

Қол қойылған меморандум академиялық білім мен ғылыми зерттеулерді ұлттық экономиканың қажеттіліктерімен ұштастыруға бағытталған ынтымақтастықты нығайтуға арналған. Жоба аясындағы бірлескен жұмыс білім беру бағдарламалары мен зерттеулерді еңбек нарығының сұраныстарымен сәйкестендіруге, стипендиаттарға арналған тәлімгерлік жүйесін дамытуға, зерттеу нәтижелерін ұйымдардың қызметіне енгізуге, сондай-ақ түлектерді жұмыспен қамтудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Даму» қоры ұлттық даму институты ретінде шағын және орта бизнесті қолдауда белсенді жұмыс жүргізіп келеді: кәсіпкерлерге субсидиялау, кепілдендіру, консультациялық қолдау көрсету және білім беру бағдарламаларын ұсынады. Қордың «Болашаққа көпір» жобасына қатысуы «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары үшін – жасмамандарға салалық сараптамаға, зерттеудеректеріне және болашақ мансаптық мүмкіндіктергеқ ол жеткізуге жол ашады.

Өз кезегінде, Халықаралық бағдарламалар орталығы жобаны ұйымдастырушылық және әдістемелік тұрғыдан үйлестіреді: басым зерттеу тақырыптарының тізбесін қалыптастырады, стипендиаттар мен жұмыс берушілер арасындағыөзара іс-қимылға арналған алаң жасайды, үшжақты келісімдердің жасалуын сүйемелдейді.

Меморандумға қол қою – Қазақстан экономикасының қажеттіліктеріне сай келетін білім, зерттеу және практикалық дағдыларды біріктіретін тұрақты мансаптық мүмкіндіктер экожүйесін қалыптастырудағы маңызды қадам. Халықаралық бағдарламалар орталығы мен «Даму» қоры арасындағы әріптестік сұранысқа ие кадрларды даярлауға және жас мамандардың зерттеу әлеуетін тиімді іске асыруға жаңа мүмкіндік береді.

enhance-picRefiner-8ce467-917--problembo.com- (2) (1).jpg

enhance-picRefiner-7ac0e4-495--problembo.com-.jpg

IMG_2716 (1).jpg