Жарияланған күні:
Бүгін Халықаралық бағдарламалар орталығында Ұлттық тестілеу орталығының басшылығымен кездесу өтті. Іс-шара барысында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуді еліміздің өңірлерінде ұйымдастыру мәселелері талқыға салынды.
Қазақстанның облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау үшін көшпелі тестілеуді өткізу жоспарда бар.
«Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне ыңғайлы болу үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өңірлерде өткізіледі. Осының арқасында кандидаттар өңірден шықпай-ақ, «Болашақ» стипендиясына, ғылыми тағылымдамаларға өтінім қалдырып, конкурстық іріктеуден өте алады. Айта кетейін, «Болашақ» бағдарламасы аясында құжат қабылдау және конкурстық іріктеу онлайн режимінде өтіп, толығымен автоматтандырылған», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.
Естеріңізге сала кетейік, стипендия тағайындау конкурына қатысу үшін үміткер кемінде В1 деңгейіндегі мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсынуы тиіс.
Өңірлердегі тестілеуді ұйымдастыру үшін ниет білдірушілер келесі сайтта өтінім қалдыруы керек kazakhtest.kz *