Жарияланған күні:
Бүгін Ұлттық зияткерлік меншік институтында Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкеновтің QAZPATENT директоры Ербол Оспановпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасының басым мамандықтар тізімін зияткерлік меншік, өнертабыстарды халықаралық патенттеу саласындағы мамандықтармен кеңейту, сондай-ақ өнертапқыштардың «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалар бағдарламасымен шетелде тағылымдамадан өтуі жөніндегі мәселелер талқыланды.
Кездесуде «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің елдің ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту және зияткерлік меншікті қорғау саласына қосқан үлесі атап өтілді. Бүгінгі таңда Ұлттық зияткерлік меншік институтында «Болашақ» бағдарламасының 9 түлегі жұмыс істейді.