Жарияланған күні:

«Дармасисва» стипендиялық бағдарламасы

Индонезия қазақстандықтарға «Дармасисва» стипендиялық бағдарламасы бойынша гранттар ұсынады.

Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер бағдарламаның ресми сайтында https://apply.darmasiswa.kemdikbud.go.id/ 2023 жылғы 7 сәуірге дейін қабылданады

Жыл сайын ұйымдастырылатын «Дармасисва» стипендиялық бағдарламасы студенттерге Индонезияның жоғары оқу орындарында индонезия тілін, мәдениеті мен өнерін бір жыл бойы оқуға мүмкіндік береді.

Грант оқу, оқу материалдарын сатып алу шығындарын өтейді, сонымен қатар ай сайын стипендия төленеді.

Қазақстандықтар үшін Индонезияның 68 жетекші жоғары оқу орындарында білім алу үшін 350 грант ұсынылады.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Орта білім немесе оның баламасы Жасы 18-ге толған және 27 жастан аспауы тиіс Ағылшын тілін меңгергені туралы сертификат (TOEFL/TOEIC/IELTS және т. б.) Мәртебесі: некеге тұрмаған

Қосымша ақпарат: бағдарламаның ресми сайтында https://apply.darmasiswa.kemdikbud.go.id/ Индонезия Елшідігінің Instagram парақшасында https://www.instagram.com/p/CpATy_UMPLu/