Жарияланған күні:
Іс-шара барысында «Болашақ» бағдарламасымен Францияның жетекші жоғары оқу орындарында ядролық энергетика саласындағы академиялық бағдарламалар бойынша оқыту және 500 ғалымға арналған бағдарлама аясында ғылыми тағылымдамалар мәселелері талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы қарашада өткен Қазақстан-Франция Жоғары оқу орындарының 7-ші форумы аясында «Болашақ» бағдарламасымен оқуға ұсынылатын университеттер тізімін жетекші француз техникалық ЖОО-ларымен кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді.
Осылайша, Ғылым және жоғары білім министрлігі Президенттің «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.
Кездесу қорытындысы бойынша білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту және отандық мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсыну бойынша нақты шаралар әзірленді.