Жарияланған күні:

ПОРТУГАЛИЯНЫҢ УАҚЫТША СЕНІМДІ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанова Қазақстан Республикасындағы Португалия Республикасының Уақытша Сенімді өкілі Жозе Амаралмен және миссия басшысының орынбасары Дэвид Матоспен кездесті. Келіссөздер барысында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Елшіліктің өкілі Жозе Амарал «Болашақ» бағдарламасына терең қызығушылық танытып, президенттік стипендияның халықаралық беделін атап өтті. Ол Португалия университеттерінің Халықаралық бағдарламалар орталығымен (ХБО) ынтымақтастығын кеңейтуге және қазақстандық жоғары оқу орындарымен бірлескен іс-шаралар өткізуге дайын екендігін атап өтті.

Айта кету керек, Португалияның жоғары оқу орындары инженерия, су шаруашылығы, төтенше жағдайларды жою және медицина салаларында жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша көшбасшылар болып табылады. Ал University of Lisbon мен University of Porto университеттері Shanghai Ranking бойынша әлемдік рейтингтің TOP-250 қатарына кіреді.

Әлия Оспанова «Болашақ» стипендиясы, «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалары, үкіметаралық гранттар және «Study in Kazakhstan» стипендиялық бағдарламасы сияқты ХБО әкімшісі болып табылатын бағдарламалар туралы айтып берді. Басқарма төрағасы португалдық ғылыми-зерттеу орталықтары мен ХБО әріптес жоғары оқу орындарының тізімін кеңейтуді, сондай-ақ тағылымдамадан өту үшін түрлі ұйымдарды қосуды және жалпы осы саладағы ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Португалия университеттерінің өкілдерімен, ҒЗИ-мен және Қазақстаннан келген ғалымдармен диалогты жалғастыруға, сондай-ақ шақыруларды алуға жәрдемдесу туралы келісті.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg