Жарияланған күні:

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 100-ГЕ ЖУЫҚ ТҮЛЕГІ АУЫЛ ОҚУШЫЛАРЫНА МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан жалпы білім беретін мектептерінің бітіруші сынып оқушыларына арналған «Өскенде кімі боласын?» атты тәлімгерлік жобасы басталды. «Болашақ» бағдарламасының 100-ге жуық түлегі жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі. Жобаға 9-11 сынып оқушыларына мамандықты таңдауға көмектесуге ниет білдірген болашақтықтар қатысады. Сондай-ақ, олар әлемнің үздік жоғары оқу орындарында алған білімі мен тәжірибесімен бөліседі.

«Қолда бар орасан зор әлеует-түлектердің тәжірибесі мен білімі негізінде «Өскенде кім боласың?» жобасын іске асыру оң шешім болып табылады. Жоғары кәсіби кадрларды даярлауға және қалыптастыруға ықпал ететін Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің бітіруші сынып оқушыларына қатысты. Бұған дейін Астана қаласының оқушылар сарайымен, сондай - ақ Қарағанды, Павлодар және Түркістан облыстарының білім басқармаларымен бірлесіп тәлімгерлік көмек берілген болатын. Жоба шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары кәсіби бағдарлау және өзін-өзі дамыту жөніндегі ақпаратты кәсіби мамандардан алу мүмкіндігіне ие болды», - деді Олжас Сәкенов.

Бұл жобаға тәлімгерлер өтеусіз негізде қатысады.

1.jpg

2.jpg

3.jpg