Жарияланған күні:

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» МИННЕСОТА УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

16 қазанда University of Minnesota-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Делегация құрамында 13 UMN өкілі, оның ішінде декандар, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, ағылшын тілі бағдарламаларының мамандары бар. Кездесуге Колин Гарден, АҚШ елшілігінің Білім және мәдениет атташесі және Миннесота университетінің түлектері қатысты.

Айта кетейік, University of Minnesotа, Twin Cities — Миннеаполис пен Сент-Полда, Миннесота штатының ең ірі қалаларында орналасқан зерттеу университеті. Бұл университет Миннесота университет жүйесінің ең көне және ең үлкен бөлігі болып табылады.

Қазіргі уақытта ЖОО-да 22 стипендиат оқиды. «Болашақ» бағдарламасы бойынша 57 адам бітірген.

Кездесу соңында стратегиялық серіктестер меморандумға қол қойып, алдағы бірлескен іс-шараларын шарқындатуға келісті.

1.jpg

2.jpg