Жарияланған күні:

«БАҚЫТТЫ ШАҢЫРАҚ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫМЕН КЕЗДЕСУ

2023 жылғы 14 қазанда ерекше балалар мен олардың ата-аналарын қолдау мақсатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» «Бақытты шаңырақ” қоғамдық қорымен кездесу өткізді.

Кездесу аясында оқушылар кәсіби бағдар, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі дамыту бойынша ақпараттарды алды. Тәлімгерлер ретінде әлеуметтік жобаға қатысуға өз еркімен ықылас білдірген «Болашақ» бағдарламасының түлектері — Насығазы Болат, University of Warwick (Ұлыбритания) түлегі, Саида Калыкова, Conservatorio Luigi Cherubini (Италия) түлегі, сондай-ақ ХБО өкілі Фариза Дамиева (түлектермен жұмыс басқармасының менеджері) сөз сөйледі.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттарды жинаудан бастап, конкурстық кезеңдерден өту туралы ақпараттармен бөлісті.

Біздің түлектер өз білімдері және дағдыларымен бөлісіп, ҚР-да және шетелде оқуға түсу және оқу бойынша кеңестерін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мүмкіндігін кеңейту үшін белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін атап өтті. Түлектерімізге осындай маңызды әлеуметтік жобаға қатысқаны үшін, балалар мен олардың ата-аналарына берілген уақыт пен кәсіптік бағдар бергені үшін алғысымызды білдіреміз!

1.jpg

5.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

і.jpg