Жарияланған күні:
2025 жылғы 28 сәуірде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Expertise France делегациясының жұмыс кездесуі өтті. Expertise France - AFD тобына кіретін, Францияның халықаралық техникалық ынтымақтастығы бойынша үкіметаралық агенттігі.
Expertise France Қазақстан билігімен техникалық ынтымақтастық жобаларын әзірлеу саласында белсенді жұмыс істейді, елдің түрлі секторларындағы мемлекеттік саясатты нығайтуға үлес қосуда. AFD тобы бүкіл әлемде 4800-ден астам жобаны іске асыра отырып, Францияның тұрақты даму және халықаралық ынтымақтастық саясатын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Кездесу барысында тараптар медициналық білім беру саласындағы ықтимал ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Әсіресе, қазақстандық мамандар үшін Францияның медициналық мекемелерінде келесі бағыттар бойынша кәсіби тағылымдамаларды ұйымдастыруға ерекше назар аударылды: • протондық терапия; • роботтандырылған хирургия; • және медицинаның басқа да озық технологиялары.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар медицина кадрларының біліктілігін арттыру саласындағы серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екендіктерін растады.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ отандық медициналық білім мен ғылымды дамыту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытында белсенді жұмысын жалғастырады.