Жарияланған күні:

БИРМИНГЕМДЕ МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ӨСУ: АСЫЛАН АЛЬМАГАМБЕТТЫҢ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКАДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Асылан Альмагамбетов — «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Ядролық реакторлар физикасы және технологиялары» мамандығы бойынша ғылым магистрі, Бирмингем Университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Магистрлік диссертация тақырыбы: «OpenMC Монте-Карло кодын қолдана отырып, қорғасынмен салқындатылатын ALFRED жылдам нейтронды реакторының нейтрондық талдауы».

Оқу барысында көптеген ғылыми ресурстарға және зертханалық тәжірибелерге қол жеткізді, сондай-ақ атақты британдық ғалымдар мен профессорлардан білім алды.

Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы Ядролық физика институтының ССР-Қ ядролық зерттеу реакторында басқару инженері болып жұмыс істейді.

Елде ядролық инженерлерге деген сұраныстың артуына және Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы жоспарланып отырғанына байланысты, Асылан Альмагамбетовтің білімі мен тәжірибесі осы жобаның қауіпсіз және тиімді жұмысын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқара алады.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

5.jpg

6.jpg