Жарияланған күні:

Словакия Республикасының Ұлттық стипендиялық бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы

Словакия Республикасының Білім, ғылым, зерттеу және жастар министрлігі 2025/2026 оқу жылына арналған Ұлттық стипендиялық бағдарламаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды.

Бағдарлама Словакия университеттері мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде шетелдік студенттерді, аспиранттарды, оқытушылар мен зерттеушілерді оқытуға қолдау көрсетуге арналған.

Бағдарлама қатысушыларының санаттары:

  • магистратура студенттері (қысқамерзімді академиялық ұтқырлық);
  • аспиранттар (PhD студенттері);
  • университет оқытушылары, зерттеушілер
  • көркем шығармашылық

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Словакия Республикасы азаматы болмауы;
  • Словакиядан тыс жерде орналасқан ЖОО немесе ғылыми мекемеде оқуы немесе жұмыс істеуі;
  • мотивациясы және оқу немесе зерттеу мақсатына сәйкестігі.

Стипендия мөлшері:

  • студенттер: айына 620 еуро;
  • аспиранттар: айына 1025,50 еуро;
  • оқытушылар мен зерттеушілер: біліктілігі мен лауазымына байланысты айына 1025,50-ден 1470 еуроға дейін.

Стипендияны қамтиды:

  • тұру және тамақтану;
  • жол жүру шығындары;
  • тұруға байланысты әкімшілік шығындар.

Өтініш беру: Өтініштерді қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 30 сәуірге дейін (2025 жылғы қыркүйектен басталатын стипендиялар үшін).

Өтініштер www.scholarships.sk порталында онлайн түрде қабылданады.

Байланыс ақпараты: Словакия Республикасының Білім, ғылым, зерттеу және спорт министрлігі

Email: info@saia.sk

Маңызды! Барлық құжаттар ағылшын немесе словак тілінде ұсынылуы керек. Белгіленген мерзімнен кеш тапсырылған өтініштер қаралмайды.

Жадынама