Жарияланған күні:

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ МЕН EDUCATIONUSA ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ

2025 жылғы 28 сәуірде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесінде EducationUSA жаһандық желісінің, сондай-ақ АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі мен American Councils ұйымының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

EducationUSA - АҚШ Мемлекеттік департаменті қолдайтын, әлемнің 175 еліндегі 435 ақпараттық және консультациялық орталықты біріктіретін халықаралық желі. EducationUSA желісінің кеңесшілері @educationusa.kz АҚШ-та білім алу үдерісі, стандартталған тест тапсыру талаптары, оқу қаржыландыру мүмкіндіктері, студенттік виза алу және елден кетуге дайындық бойынша объективті әрі өзекті ақпарат ұсынады.

Кездесу барысында тараптар EducationUSA желісінің қызметімен танысып, тәжірибе алмасты және алдағы уақытта серіктестікті нығайтуға, бірлескен білім беру бастамаларын дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Айта кету керек, «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламаларының арқасында осы уақытқа дейін 12 000-нан астам қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алды. Олардың ішінде 3 345 түлегі АҚШ-тың Massachusetts Institute of Technology, Pennsylvania State University, New York University, Boston University, Columbia University, Cornell University, Duke University және басқа да беделді университеттерінде оқуды аяқтады. Бүгінде 890 стипендиат АҚШ-та оқуын жалғастырып жатыр.

1.jpg

2.jpg

3.jpg