Жарияланған күні:

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Швейцариядағы BHMS-пен жұмыс кездесуі

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ туризм, бизнес және қонақ үй менеджменті саласында тәжірибеге бағдарланған оқытуға маманданған елдің жетекші жеке білім беру ұйымдарының бірі — Швейцариядағы Вusiness and Hotel Management School (BHMS) өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ғылыми тағылымдамалар мен академиялық оқудың негізгі міндеттері мен қазіргі басым бағыттарын таныстырды.

Швейцария тарапы, өз кезегінде, туризм, халықаралық бизнес және қонақ үй менеджменті сияқты қажетті бағыттар бойынша кәсіби тағылымдамадан және ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін ұсынды. BHMS бағдарламалары Hospitality & Leisure Management бағыты бойынша QS (QS World University Rankings by Subject) пәндік рейтингіне кіретіні жеке атап өтілді, бұл даярлықтың академиялық деңгейін білдіреді. Оқу процесі индустриялық серіктестердің белсенді қатысуымен тәжірибеге бағытталған тәсілге негізделген. Бұған қоса, BHMS жасанды интеллект, цифрлық маркетинг, деректер базасы және киберқауіпсіздік сияқты заманауи мамандықтар бойынша тағылымдамалар мен оқытуды ұсынады, бұл перспективалы салаларда құзыреттілікті дамытуға ұмтылатын мамандарға қосымша мүмкіндіктер ашады.

«Біздің мектеп қолданбалы оқытуға және студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға баса назар аударады. Біз Google және Microsoft сияқты сала көшбасшыларымен серіктес болғанымызды мақтан етеміз және студенттерге нақты кейстерді, тағылымдамаларды және индустриямен өзара іс-қимылды ұсынуға қуаныштымыз», - деп атап өтті BHMS өкілдері.

Сондай-ақ, мектеп өкілдері шетелдік студенттерді орналастыруға және ықпалдастыруға қосымша мүмкіндіктер ашатын жаңа кампустың ашылғанын хабарлады.

Кездесу халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытудағы, әлемдік академиялық рейтингтерге кіретін университеттермен серіктестік орнатудағы, сондай-ақ қазақстандық зерттеушілердің озық білім беру практикаларына қолжетімділігін кеңейтудегі маңызды қадам болды.

1.jpg

2.jpg

3.jpg