Жарияланған күні:
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да гибридті форматта HR-менеджерлер Қауымдастығымен және Empower People компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған, сарапшыларға арналған тренинг өтті. Тренинг «Болашақ» халықаралық стипендиясына және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасына үміткерлермен сұхбат жүргізу әдіснамасы мен этикасы» тақырыбында өтті.
Тренингтің негізгі мақсаты тәуелсіз сараптамалық бағалаудың сапасын арттыру, конкурстық іріктеу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ сұхбат жүргізуге бірыңғай тәсілді қалыптастыру болды.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы А.М. Кусманов өз сөзінде, комиссия мүшелеріне («Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша) кәсіби шеберлігі мен бағдарламалардың дамуына үлес қосқаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол сұхбат өткізу кезінде жыныстық, гендерлік, жас, нәсілдік және өзге де белгілер бойынша кемсітушілікке жол бермеу туралы этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Комиссиялардың құрамына жоғары оқу орындар мен ғылыми ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың өкілдері, Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілдері және т. б. кірді.
Спикерлер ретінде сөз сөйледі:
Іс-шара барысында қатысушылар іріктеу рәсімдеріндегі өзекті өзгерістермен танысты, кандидаттарды объективті және этикалық тұрғыдан бағалау бойынша практикалық ұсыныстар алды. Сұхбат процесінде жиі кездесетін қателіктерге және олардың алдын алу әдістеріне, сондай-ақ сарапшылардың алдында тұрған күрделі жағдайларды талқылауға ерекше назар аударылды.
Барлық қатысушылар «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламаларына үміткерлермен жұмыс істеу кезінде сарапшылықтың, объективтіліктің және ашықтықтың жоғары деңгейде болуы үшін оқыту іс-шараларының маңыздылығын атап өтті.