Жарияланған күні:

ПОЛЬШАДА ОҚУҒА БЕРІЛЕТІН БІЛІМ ГРАНТТАРЫ

2024-2025 оқу жылында үкіметаралық гранттар аясында Польшадағы жетекші жоғары оқу орындарында білім алатын қазақстандықтардың соңғы тізімі жарияланды.

Польша тарапынан 8 үміткерге стипендия тағайындау туралы түпкілікті шешім қабылданды. Естеріңізге сала кетейік, үкіметаралық гранттар бойынша қазақстандық тараптың қорытынды комиссиясының отырысында Польшада бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға 11 үміткер ұсынылған болатын.

Грант академиялық оқу шығындарын жабады, ал «Докторантура» бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге ай сайынғы стипендия төленетін болады.

Оқу поляк тілінде өтеді.

Егер сіз оқуға стипендиаттар тізіміне енсеңіз, 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде оқу шартына қол қою үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на хабарласуыңыз қажет.

Шарт жасасу үшін сізге басты бетінде кезекке бронь жасау қажет және өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіздің түпнұсқасын алып келуіңіз керек. Егер шарт жасасуға өзіңіз келе алмасаңыз, шартқа сіздің атыңыздан нотариалды куәландырылған сенімхат арқылы үшінші тұлға қол қоя алады. Бұл жағдайда үшінші тұлға сіздің жеке куәлігіңіздің көшірмесін, сенімхаттың түпнұсқасын және өзінің жеке куәлігінің түпнұсқасын алып келуі тиіс.

Одан бөлек, шарт online түрде жасасуға болады.

Шарт жасасу бойынша толық кеңес алу үшін нормативтік құқықтық және шарттық қамтамасыз ету басқармасына 8-7172-76 90 79 (ішкі.170, 181) телефоны арқылы хабарласуға болады.

Тізімі