Жарияланған күні:

«TALPYNUP 3.0» ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН БИЗНЕС БОЙЫНША ТӘЛІМГЕРЛІК БАҒДАРЛАМА

«Болашақ» бағдарламасы қазақстандық әйел кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуды жалғастыруда.

«Болашақ» бағдарламасының түлегі Әйгерім Тарбағатаева мен стипендиат Мадина Нұрғожина «TalpynUp 3.0» менторлық бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарлама Орталық Азияның 200-ден астам әйелдерін оқыту сәтті аяқталды, ал үш ағынның қорытындысы бойынша жоба 450-ден астам әйелді түлетіп шығарды.

Жоба әйел кәсіпкерлерге алты ай бойы қолдау көрсетіп, оқыту курстарын ұсынады. Бағдарлама аясында қатысушылар тек өздерінің бизнес-жобаларын дамытып қана қоймай, сондай-ақ 150-ден астам жаңа жұмыс орындарын ашып, гранттар мен несиелер түрінде 132 мың доллар көлемінде қаржы тартуға мүмкіндік беретін ерекше білім мен дағдыларды алды.

Жобаның авторы және Бизнес-тренерлер қауымдастығының жетекшісі Әйгерім Тарбағатаева бағдарламаны құру туралы идеясымен бөлісті:

«Мен «Болашақ» бағдарламасы аясында University of Nottingham университетінде магистратураны аяқтаған соң, біз Imperial College London бизнес мектебімен серіктестікті бастадық. Бұл ынтымақтастық бізге «TalpynUp» бағдарламасына әйелдер кәсіпкерлігі бойынша алдыңғы қатарлы модульдер мен зерттеулерді енгізуге мүмкіндік берді».

Іс-шараны аша отырып, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әлия Оспанова:

««Болашақ» бағдарламасы әйелдердің білім алуында маңызды рөл атқарады. Бағдарламаның 30 жылдық тарихында 5 мыңнан астам әйел әлемнің жетекші университеттерінде білім алды. Оқудан кейін олар алған тәжірибелерін экономиканың әртүрлі салаларын дамытуға қолданды. Сондай-ақ көптеген түлектеріміз табысты бизнес жобаларын дамытып, басқа әйелдермен қауымдастықтар құруда», – деп атап өтті.

АҚШ елшілігі мен USAID қоры жобаға қолдау көрсетті. Бағдарламаны аяқтау туралы сертификаттарды тапсыру салтанаты Қазақстандағы АҚШ елшісі Дэниел Розенблюмнің қатысуымен өтті. Ол әйелдер кәсіпкерлігін Орталық Азия аймағында дамытуға бағытталған осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

Суреттер: Әлішер Қадышов