Жарияланған күні:
Бүгін Ақмола облысындағы Ақкөл қаласында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанова «Ауыл» партиясы ұйымдастырған ауыл жастарына арналған кәсіби семинарын өткізді.
Бұл шарада «Ауыл жастары» жастар қанатының төрағасы Дәурен Разымбек және Ақкөл ауданындағы әкімнің орынбасары Саят Ахмеджанов сөз сөйлеп, өңір жастарындағы білім беру мүмкіндіктерінің маңыздылығын атап өтті.
Презентациясында Әлия Оспанова «Болашақ» бағдарламасы бойынша үміткерлерлеге арналған ерекше шарттар туралы айтып өтті, бұл шетелде білім алуды ауылдық өңірлердегі жас таланттар үшін қолжетімді етеді.
«Қазақстанның ең шалғай ауылдарында да әлемдік деңгейдегі білім алуға болады. Мемлекет ауыл жастарына «Болашақ» бағдарламасының жеңілдетілген категориялары арқылы ерекше көңіл бөліп, талантты жастарға үлкен мүмкіндік береді», — деді Әлия Оспанова.
Еске салсақ, «Болашақ» бағдарламасы ауылда тұратын үміткерлерге магистратурада оқу үшін келесі шарттар ұсынады:
Биыл Халықаралық бағдарламалар орталығы өңір жастарымен кездесулер өткізіп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын белсенді жүргізді. Жүйелі жұмыс арқасында ауылдық квотаға сұраныс өсіп келеді.
Әлия Оспанова семинарда қатысушыларды алған ақпараттарын ұстаздарымен, достарымен және отбасымен бөлісуге шақырды, осылайша ауыл жастары үшін бұл бірегей мүмкіндікті пайдалану үшін мүмкіндігінше көп адамды қамту көзделеді.
Жиын барысында Мажарстан мен Қытай тарапынан бөлінетін үкіметаралық білім гранттары, яғни Қазақстандық студенттер үшін жыл сайын 255 және 150 орын берілетіні талқыланды. Сонымен қатар, Польша, Вьетнам, Тәжікстан және Әзірбайжан да ұқсас гранттарды ұсынады, қазіргі уақытта Канада мен Сингапурмен осындай бағдарламаларды іске қосу жөнінде келіссөздер жүргізілуде.
Білім бастамаларының маңыздылығын Дәурен Разымбек пен Саят Ахмеджанов қолдады. Дәурен Разымбек «Ауыл» партиясы ауыл жастарына сапалы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге баса назар аударатынын және бұл мүмкіндіктерді іске асыруға барлық жағдай жасайтынын атап өтті. Саят Ахмеджанов «Болашақ» бағдарламасының өңірдің болашағы үшін маңыздылығын, сондай-ақ осы сияқты бастамалар туралы халықты әрі қарай хабардар ету қажеттілігін айтты.
«Болашақ» бағдарламасы ауыл жастарын дайындауға белсенді ықпал етіп, өңірлерде міндетті үш жылдық жұмыс істейтін квоталық орындарды ұсынады.
Мұндай шарттар ауылдық аумақтардың дамуына ықпал ете отырып, экономикадағы басым секторларды жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етуге көмектеседі.
Суреттер: Әлішер Қадышов