Жарияланған күні:

«БОЛАШАҚ» ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН САНАТТАР ҮШІН ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРДЕН ШАҚЫРТУЛАР АЛУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

45 үміткерге шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтарға шақырту алуға көмек көрсетілді!

Халықаралық бағдарламалар орталығының сарапшылары медицина, ИТР және қорғаныс салаларындағы басым бағыттарға шетелде ғылыми тағылымдамалар үшін байланыс орнатуға және шақыртулар алуға ақысыз көмек көрсетуде.

Қазіргі таңда 300-ден астам өтінім өңделіп, 45 үміткер King’s College London, Lancaster University, Michigan State University, University of Minnesota, Humboldt University of Berlin және басқа да жетекші университеттерден шақырту алды.

Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы қазақстандық ғалымдарға біліктілігін арттыру және әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында зерттеу жүргізу мүмкіндігін ұсынады.

Шақырту алуға өтінімді қалай жіберуге болады? Өтінімді 500galym@bolashak.gov.kz электрондық поштасына жіберіп, талаптармен bolashak.gov.kz сайтында танысыңыз. ️ Маңызды! Шақырту алуға өтінімді тек инженерлік-техникалық, медицина және қорғаныс салаларының қызметкерлері жібере алады.

Өтінімге қажетті ақпарат:

  • толық аты-жөні,
  • аккредиттелген ғылыми ұйымдағы жұмыс орны (12 айдан кем емес),
  • зерттеу бағыты мен мамандануы,
  • Казтест немесе Qazaq Resmi Test сертификаты (қазақ тілі),
  • шетелдік тағылымдамаларға арналған ағылшын тілі сертификаты,
  • ғылыми жетістіктер (мақалалар, патенттер және т.б.),
  • тағылымдамадан өтетін қалаған ұйым/ел,
  • түйіндеме.

Ғылыми тағылымдама бағдарламасының қолдауымен ғылымның жаңа көкжиектерін ашыңыз!