Жарияланған күні:
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанованың Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эгидиус Навикаспен және елшіліктің экономикалық мәселелер жөніндегі атташесі Юлиус Митемен кездесуі өтті.
Кездесуде «Болашақ» бағдарламасы бойынша ынтымақтастықты кеңейту және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалары талқыланды. Литваның көптеген жоғары оқу орындары «Халықаралық бағдарламалар орталығының» стратегиялық серіктесі болуға және оқуға ұсынылған жоғары оқу орындарының тізіміне кіруге дайын екендіктерін білдірді. Бүгінгі таңда Литва Республикасында 15 адам білім алуда, жалпы 50 түлектеріміз магистр дәрежесін алып, Kaunas University of Technology, Lithuanian University of Health Sciences, Vilnius University, Vytautas Magnus University және т. б. жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өту бағдарламасын сәтті аяқтады.
Литваның Төтенше және Өкілетті Елшісі Эгидиус Навикас идеялармен алмасу, байланыстарды нығайту және түлектер желісін қолдау үшін платформа құру мақсатында Қазақстандағы Литва университеттерінің түлектерімен кездесу ұйымдастыруды ұсынды.
«Халықаралық бағдарламалар орталығының» АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанова Vilnius University Hospital santariskiu Klinikos ауруханасында тағылымдамадан өткен жарқын түлек Медет Маханбеттің оқиғасымен бөлісті.
Медет – Қазақстанда эндоскопиялық трансканалды тимпанопластиканы орындаған алғашқы лор-дәрігер (бұрын бұл әдіс әлемнің бес елінде ғана қолданылған, Қазақстан алтыншы ел болды). Дабыл жарғағын қалпына келтірудің жаңа хирургиялық әдісін жасады. Жалпы 5000 операция жасады. Айта кету керек, қазақстандықтар көбінесе Литва Республикасында оқу және тағылымдамадан өту үшін медициналық бағдарламаларды таңдайды.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан өңірлерінде Литва университеттері өкілдерінің кездесуін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға келісті.