Жарияланған күні:

Құрметті "Stipendium Hungaricum" стипендиялық бағдарламасының грантына үміткерлер

Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінің (дербес онлайн-сұхбаттың) басталғаны туралы хабарлаймыз. Сұхбат Zoom сервисі арқылы 23 қаңтар мен 8 ақпан аралығында таңғы 09.30-дан кешкі 18.00-ге дейін өтеді. Сұхбаттың барлық қатысушыларына электрондық поштаға (сауалнамада көрсетілген) немесе телефонға (WhatsApp) Zoom конференциясына қосылатын сілтеме жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, онлайн-сұхбат аудио және бейнежазбаға жазылады.

Үміткерлерге арналған қысқаша нұсқаулық:

1) сұхбатты бастамас бұрын үй-жайды дайындау, алаңдататын факторларды (басқа адамдар, шу, гаджеттер, теледидар) болдырмау қажет.

2) Zoom қосымшасын (компьютер, телефон немесе планшет үшін) алдын-ала жүктеп, ашып, қажет болған жағдайда бағдарламаны соңғы нұсқасына жаңартуға кеңес береміз. Егер ескі нұсқасы болса, бағдарлама автоматты түрде жаңартыла бастайды, бұл сізге бейнеконференцияға уақытында қосылуға мүмкіндік бермейді.

3) конференцияға қай құрылғыдан (компьютерден, телефоннан немесе планшеттен) қосылғаныңызға қарамастан, жақсы байланыс үшін гарнитураны микрофонмен қосуды сұраймыз.

Сәттілік тілейміз!

фото.jpg