Жарияланған күні:

МАЖАРСТАННЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСУ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» басқармасының төрағасы Әлия Оспанова Мажарстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Рона Отто Иванмен кездесті. Сондай-ақ, кездесуге Мажарстан жоғары оқу орындарының студенттері, докторанттары мен түлектері қауымдастығының өкілі Данара Смайл қатысты.

Тараптар жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Мажарстанда «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша 10 адам оқуын аяқтады. Сонымен қатар, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» «Stipendium Hungaricum» бағдарламасын басқарады. 2024-2025 оқу жылына Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде ынтымақтастық бойынша «Stipendium Hungaricum» бағдарламасы бойынша 250 оқу гранты бөлінді. Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 19 желтоқсаннан 2024 жылғы 17 қаңтарға дейін жүргізілді.

Мажарстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Рона Отто Иван «Stipendium Hungaricum» қазақстандықтардың үлкен қызығушылығына ие екенін атап өтті. Қазақстандықтар медицина, инженерия, IT, агрономия, қорғаныс өнеркәсібі және т.б. салалардағы мамандықтарды таңдайды.

Басқарма төрағасы Әлия Оспанова «Болашақ» стипендиясы және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалары аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық білдірді. Мысалы, үміткерлер, университеттер мен ұйымдардың тізімін кеңейту. Ғылым саласындағы ынтымақтастық ерекше қызығушылық тудырады, өйткені Венгрия Ғылым академиясы ең беделділердің бірі болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Венгрия университеттерінің көрмесін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға келісті.

фото 1.jpg

фото 2.jpg

фото 3.jpg