Жарияланған күні:

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ меморандумға қол қойды

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арасында Қазақстан экономикасының корпоративтік және нақты секторларының қажеттіліктерімен сәйкес жоғары білікті кадрларды даярлауды интеграциялауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Кездесуге «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ атынан Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, Басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым және Аппарат жетекшісі Дина Акрачкова, ал «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ тарапынан Басқарма төрағасы Әділ Кусманов және Басқарма төрағасының орынбасары Қайсар Еркінбаев қатысты.

Өз алғыс сөзінде Рустам Қарагойшин Холдингтің инвестициялық трансформациясы контекстінде адам капиталын дамытуға жүйелі тәсілдің маңыздылығын атап өтті.

«Адам капиталын дамыту және заманауи басқару мен технологиялық тәсілдерді енгізу тұрақты экономикалық дамудың негізгі шарттары болып табылады. Екіжақты меморандум халықаралық даярлық алған мамандарды инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, әсіресе экономикадағы басым салаларда интеграциялауға негіз жасайды», – деді ол.

Өз кезегінде, Басқарма төрағасы Әділ Кусманов «Болашақ» бағдарламасын экономика мен еңбек нарығының қажеттіліктерімен үйлестірудің маңыздылығын, оның мақсатты бағыттылығын атап өтті. Сондай-ақ ол «Болашаққа көпір – мансап мүмкіндіктерінің экожүйесі» жобасын таныстырды. Аталған жоба әлемнің жетекші университеттерінде оқыған стипендиаттардың алған білімдері мен дағдыларын практикалық түрде қолдануға, сондай-ақ еліміздің әртүрлі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған.

Меморандум кадрларды даярлау, бағдарламаның түлектерін әлеуетті жұмысқа орналастыру, сондай-ақ холдинг қызметкерлерін менторлық іс-шараларға тарту аясындағы ынтымақтастықты көздейді.

Меморандумға қол қою адам капиталын дамытуға бағытталған тұрақты мансап мүмкіндіктері экожүйесін қалыптастыруда және білім мен экономика арасындағы байланысты нығайтуда маңызды қадам болды.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

5.jpg