Жарияланған күні:

Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшылығы БҰҰ-Туризм (UN Tourism) ұйымымен өзара іс-қимыл аясында Халықаралық туризм академиясының Самарқанд кампусының құрылғаны туралы хабарлады

Аталған бастама шеңберінде БҰҰ-Туризм ұйымына мүше болып табылатын Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің азаматтарына туризм саласы бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді білім беру бағдарламалары аясында 100 стипендия беру көзделген.

Халықаралық туризм академиясы UN Tourism ұйымымен ынтымақтастықта құрылған әлемдегі алғашқы академия болып табылады және туризм саласында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудың өңірлік орталығы ретінде қызмет атқарады.

Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген үміткерлер өтінімдерін келесі электрондық пошта мекенжайларына жолдауы тиіс: info@tourism-academy.uz, admissions@tourism-academy.uz.

Үміткерлерге қойылатын талаптар мен конкурстық іріктеу тәртібі туралы толық ақпарат bolashak.gov.kz сайтындағы «өтініш беру нұсқаулығында» көрсетілген.

Өтініш беру нұсқаулығы